Руханият • 12 Желтоқсан, 2024

«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды

173 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада  жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Әдеби сайысты «AMANAT» партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық мәдениет пен әдебиетке ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Мәселен, былтыр Президент «Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтарды, сондай-ақ оның бастамасымен келесі жылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтіледі. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Ұлы дала» байқауы Мемлекет басшысының ұлттық әдебиетке жүйелі қолдау көрсету жөніндегі саясатының жалғасы саналады. Біздің байқауымыз отандық таланттардың дамуына түрткі болды. Биылғы байқау балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында өткізілді.  Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы елімізде ауқымды іс-шаралар өтті. Жазушының туған жерінде еңселі ескерткіші ашылды. Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті»,  деді партия Төрағасы.

бай

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы жас таланттарды, қарымды қаламгерлерді ұдайы қолдайтынына баса назар аударды.

«Бәріміздің ойымыз да, мақсатымыз да бір. Ол – елге қызмет ету, мемлекетіміздің болашағы үшін аянбай тер төгу. Ал, мемлекеттің мүддесі жолында адал қызмет етіп, елдің рухын көтеріп жүрген тұлға, ол – біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Байқасаңыздар, Мемлекет басшысы осы рух деген сөзді жиі айтады. Әділдік, адалдық, отан сүйгіштік, еңбекқорлық, оның ішінде адал еңбек сияқты құндылықтарға ерекше мән береді. Өйткені, бұл құндылықтар елдің рухын көтереді. Сіздердің шығармаларыңызға да осы қасиеттер, құндылықтар, елдегі оң өзгерістер арқау болуға тиіс деп ойлаймын»,  деді Мәжіліс төрағасы.

«Ұлы дала» байқауы бесінші мәрте өткізіліп, осы уақыт аралығында игі дәстүрге айналды. Биыл байқауға қатысушылардан келіп түскен шығармаларды іріктеу жұмысы 1 тамыздан 30 қазанға дейін жүргізіліп, ақтық сынға 150 шығарма іріктелді. Оның барлығы аikyn.kz сайтында арнайы «Ұлы дала байқауы» айдарымен орналастырылды.

байқау

«Поэзия» номинациясында бірінші орынды ақын, adebiportal.kz жетекшісі Ықылас Ожайұлы иеленді. Екінші орынды ақын, журналист Мұхтар Күмісбек, үшінші орынды ақын, журналист Ислам Қабулұлы қанжығалады.

«Проза» номинациясы бойынша жазушы, педагог Гүлжан Қанатқызы үздік деп танылды. Екінші орынды жазушы, мұғалім Рамазан Жеткізгенұлы, ал үшінші орынды жазушы Тоқтарәлі Таңжарық иеленді.

«Балаларға арналған шығарма» номинациясында Серікжан Нұрбақытұлы жеңімпаз атанды. Екінші орын жазушы Айнұр Омароваға, үшінші орын ақын әрі театртанушы Әбіл Нұрисламға бұйырды.

байқау

«Драматургия» номинациясында бірінші орынды драматург Қолғанат Мұрат, екінші орынды жазушы Рахат Әлішер, үшінші орынды ақын Ақжан Аманжол иеленді.

 «Әдеби сын» номинациясында Ақерке Асан жеңімпаз атанды. Екінші орынды ақын, сыншы Тілеубек Батыс, үшінші орынды Арман Әділбек иеленді.

Сонымен қатар, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай тағайындалған «Үш бәйтерек» арнайы жүлдесі ақын Алмас Темірбайға табысталды. Жазушы әрі аудармашы Жадыра Шамұратова «Алаш аманаты» арнайы сыйлығын иеленді. Ал Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған арнайы сыйлық ақын, әдебиеттанушы Алтынбек Мерсадыққа бұйырды.

Айта кетейік, байқау аясында Бердібек Соқпақбаевқа арналған көрме ұйымдастырылды. М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Астанаға балалар әдебиеті классигі шығармаларының алғашқы басылымдарын, құжаттары мен жеке заттарын әкелді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025