Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Депутаттар басты құндылықтарды бағалауға міндетті - Вилен Молотов

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, Қарағанды қаласының медициналық университеті ректорының кеңесшісі қоғам қайраткері Вилен Молотов-Лучанский бүгінгі сайлауда үміт артқан болашақ депутаттар ел болашағы жолында мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуі тиіс деп біледі. Ол сайлаушылар дауыс берген депутаттар мен партиялар мемлекетіміздің басты құндылықтарын бағалап, нығайтуға міндетті деген пікірде, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттар басты құндылықтарды бағалауға міндетті - Вилен Молотов

«Бүгін ел тарихындағы тағы да бір маңызды қадам жасалды. Біз сайлаған депуаттар әр қабылданатын актіге, заңнамаларға, бюджетті қабылдау тәсілдеріне, мемлекет үшін аса маңызды мәселелерге қатысты әбден пісіп-жетілген, байыпты шешімдер қабылдайды деп сенемін. Бүгін біз маңызды міндеттерді жүзеге асырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады деген деген кандидаттар мен партияларға дауыс бердік. Тұрақты дамуға үлес қосу – ел игілігі жолындағы барлығымызға ортақ жұмыс. Қазақстанның күші – бейбітшілік пен тыныштықта, тұрақтылық пен өзара сыйластықта. Елімізде мәдениетке, салт-дәстүрге деген құрмет жоғары. Бұл – біздің мемлекетіміздің мықты тұсы болды және бұдан кейін де нығая түсуі тиіс», деді Вилен Молотов-Лучанский.

Оның айтуынша, біз сайлаған депутаттар мен дауыс берген партиялар осы құндылықты бағалап, нығайтуға міндетті.

«Біз өзіміз сайлаған депутаттардың жұмысын қадағалаймыз. Ықпалды Парламент және жергілікті жерлердегі күшті мәслихаттар сайлаушылардың үмітін ақтауы тиіс. Сонымен қатар мемлекет пен халық мүддесі қашанда бірінші орында. Бұл – өте маңызды. Сондықтан депутаттар халықтың тыныс-тіршілігін үнемі сезініп, соған сай әрекет ететініне сенімдімін. Ол үшін адал, жауапты және сындарлы жұмыс жасалуы тиіс. Сондай-ақ Парламентте немесе мәслихаттарда қандай орын алатынына қарамастан өзара бірлесе жұмыс жасалғаны абзал. Мұның бәрі біздің мемлекетіміздің игілігі үшін атқарылатын шаруалар. Бүгінгі күн өте маңызды. Дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!» дейді ол.