Оқиға • Бүгін, 21:06

Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Швейцария азаматы Люк Ярчик Корнелияға қатысты жасалған 3,5 млрд теңге көлеміндегі алаяқтық ісі бойынша тергеуді аяқтады. Нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді

Фото: Depositphotos.com

Тергеу барысында 2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдалана отырып, инвесторға тиесілі «УК Ринком» ЖШС-нің 80% үлесін 63 млн теңгеге заңсыз сатқандығы анықталды. Аталған кәсіпорын Ұлытау облысында темір кен орнын игеру қызметімен айналысқан.

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

Сот үкімімен азамат М. аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін (ҚК 190-бап 4-бөлік 2-тармақ) кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленді.

Маңызды шешімдердің бірі – шетелдік инвестордың 3,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылуы болды.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында іс жан-жақты, объективті әрі сапалы жүргізілді. Нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтіріліп, мемлекетте инвестициялық қорғау тетіктерінің тиімділігі дәлелденді.

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Соңғы жаңалықтар