Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде қылмыспен күрестің заманауи тетіктері жаңа деңгейге көтерілді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрылымында қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

2026 жылғы 18 сәуірден бастап Комитетке заңнамалық тұрғыда жаңа функция жүктеледі. Енді мемлекеттік органдар үшін нақты ұсынымдар әзірлеуді қоса алғанда, ауқымды болжамдық-талдамалық қызметті жүзеге асырады.

Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады

Орталық мамандары жүргізген талдау нәтижесі көрсеткендей, бүгінде алаяқтық қоңыраулардың негізгі бөлігі дәстүрлі телекоммуникациялық желілерден мессенджерлерге (әсіресе WhatsApp) ауысқан. Қазіргі таңда 18 жаңа киберқауіп анықталып отыр. Олардың ішінде:

  • SMS-бластерлер: Байланыс операторларын айналып өтіп, жаппай хабарлама жіберуге арналған құрылғылар;
  • Фишинг және дипфейк: Адамның бейнесі мен дауысын қолдан жасау арқылы жасалатын алаяқтықтар;
  • Нөмірлерді алмастыру: Тіркелмеген SIM-карталар мен телефон нөмірлерін бұрмалау схемалары бар.

Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді

Айта кетерлігі, биыл 4 сәуірде елде алғаш рет SMS-бластерді пайдалану фактісі әшкереленді. Бұл құқық қорғау органдарының киберқылмыстың мүлдем жаңа түрлерін жедел анықтап, жолын кесуге қабілетті екенін көрсетті.

iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді

Соңғы жаңалықтар