Қоғам • Кеше

Тағы бір жазушының ескерткішін қорлаған бұзақы ұсталды

1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласындағы Орталық саябақта жазушы Бердібек Соқпақбаев пен «Менің атым Қожа» шығармасының кейіпкеріне арналған ескерткішке шығып, орынсыз әрекет жасаған 17 жастағы жасөспірім полиция қызметкерлерімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағы бір жазушының ескерткішін қорлаған бұзақы ұсталды

Фото: instagram.com/sergek_almaty_

Әлеуметтік желілерде мәдени нысанға өрмелеп, қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдердің видеосы тарағаннан кейін құқық қорғау органдары жедел тексеру жүргізген. Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған анықталып, қолға түскен. Қазіргі уақытта ол арнайы кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде тәрбиеленуде.

ескерткіш

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сот қарауына жіберілген.

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкілінің қатысуымен қоғамдық орындардағы тәртіп пен жауапкершілікке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Естеріңізге саламыз, кеше Астана қаласында Бейімбет Майлиннің ескерткішіне мініп фотосессия жасаған қыз жауапқа тартылған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар