Солақай саясат салдарынан қазақ жеріне тарыдай шашылған өзге ұлыс өкілдері өз тамырынан ажыраған жоқ. Өйткені еліміз ешкімнің дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын ұмыттыруға ұмтылмады. Қайта тілін, ұлттық болмысын сақтап қалуға ықпал еткені мәлім. Соның бір бұлтартпас дәлелі – әр өңірде өзге ұлттардың мәдени орталықтары мен қауымдастығының жұмыс істеп тұруы болса керек.

Тағдыры тараулы ұлттың қатарында белорустар да бар. Кезінде қазақ даласындағы олардың саны 60 мыңнан асыпты. Қазір 40 мың шамасындағы белорус ұлысы аймақтарда түтін түтетіп отырса керек. Қарағанды аймағында да бар. Шамамен он мыңнан асып жығылады. Бүгінде кеншілер мекенінде «Суайчынники» атты этномәдени бірлестік белорус ұлтының дәстүрі мен салтын сақтап отырған ұйым жұмыс істейді. Ұйымның тізгінін ұстап отырған Зинаида Асадчая атты жаны қазақ апай бар.
«Суайчынники» – белорус тілінен аударғанда «отандастар» деген мағына береді екен. Үш түстен құралған ұлттық киімінде де зор мән бар көрінеді. Мәселен, ақ түс – жақсылықты, жасыл – өмірді, қызыл – жеңісті білдіреді деседі. Үшеуі үйлесіп, ертеңге деген ерен ұмтылысты аңғартады.
Қазақ топырағына тың игеру тұсында тұлымшағы желбіреп, алты жасында табаны тиген Зинаида Асадчая шет жүрсе, Арқаның аңызақ желін, бұрқыраған жусанын, қазақтың даладай дарқан пейілін сағынатынын айтады.
– Қазақстанға 6 жасымда келдім. Тың игеру кезінде Алтай аймағына көшіп бардық. Бізді құшақ жая қарсы алды. Бірақ анамның денсаулығына климат сәйкес келмей, Қарағандыға көштік. Басқа облысты емес, осы кенді өлкені таңдадық. Ауа райы анама ұнап, тұрақтап қалдық. Тарихи Отаныма барып тұрамын. Белоруссияда Қарағандымды, Арқаның кең даласын, жусанының иісін, адамдарын қатты сағындым. Атамекенге қайтып оралу ойымда жоқ. Қазақстанды жанымдай жақсы көремін. «Ағаш бір орында өседі» демекші, тамырымнан ажырағым келмейді, – дейді Зинаида Ивановна.
Сол уақыттағы адамдардың ниеті қандай түзу еді?! Таңғаласыз. Соғыстан кейінгі кезең. Жергілікті ел өзгені асырап, сақтамақ түгілі өзінің қолы өз аузына әлі толық жете қоймаған, жоқ уақыт. Бірақ қанға сіңген далиған даласындай кеңдік басқаны бөтен деп бөлектемеді. Бүтінді бөліп, жартыны жарып жеп келген. Бұл – қаршадай сары қыз Зинаиданың санасында мәңгі сақталып қалған сурет. Соғыс пен жоқшылықтың қамытын қатар киген барша ұлт пен ұлыс бір атаның баласындай алақандай бір үйде тірлік кешіп те жатты. Зинаида сол уақытта барақ типтес үйде жеті түрлі этнос өкілі тату-тәтті өмір сүргенін еске алады. Сондағы «Көрші ақысы – Құдай ақысы» деп білген қазақтың қамқорлығын да аса бір тебіреніспен айтады.
– Бізге бір шатырдың астынан шағын бөлмелері бар үй берді уақытша. Ол кезде қала енді қанат жая бастаған. Чешен, поляк, неміс, украин, орыс, болгар, белорус бір шатыр астында өмір сүрдік. Кекету-мұқатусыз, бір-бірімізбен жақсы араластық. Жергілікті қазақтар қарама-қарсы үйлерде тұрды. «Рахима» деген құрбым болды. Біз оны «Ира» дейтінбіз. Мектептен қайтқанда Рахиманың үйіне барамыз. Анасының үнемі тамағы дайын тұратын. Бәрімізді бөліп-жармай тамақтандырады. Кейін киім ауыстырып, бір мезгіл ойнап, біздікіне барамыз. Солайша, бір үйдің баласындай өніп, өстік. Рахиманың анасы дайындайтын құрт, бауырсағын бәріміз жақсы көретінбіз. Жұмыртқадан, картоптан түрлі тағам жасап, достарыма беретін, – дейді Зинаида апай.
Ұлттар арасындағы достық осындай қиын қыстау кезде басталып, бүгінгідей бейбіт заманда да желісін үзбепті. Дәл осы күнге дейін бір-бірімен аралас-құралас. Қазақтың қонақжайлығынан арна тартқан татулықтың туы құлаған жоқ. Ұлтымыздың дәстүріне берік. Тілге құрметі де бөлек.
– Екі балам, екі немерем бар. Біздің әулеттің төртінші ұрпағы осында өмір сүріп жатыр. Біз қазақы салт-дәстүрді, қазақ тілін қатты құрметтейміз. Мейрамдарын да тойлаймыз. Шелпек те жейміз. Жыл сайын еліміздегі киелі орындарға барамыз. Былтыр Түркістанға барып, керемет әсерге бөленіп қайттым. Дінім бөлек деп ыңғайсызданғанмын. Бірақ ол жақтың адамдары Жаратушының ортақ екенін, өз сенімім арқылы құлшылық жасауға рұқсат екенін айтқанда, көзіме жас келді. Осыдан артық қандай демократия керек? – дейді ол тағы.
Зинаида Ивановнаның әкесі де Қарағандының көркеюіне үлес қосқан екен. Прораб ретінде қала құрылысында қолтаңбасы қалыпты.
– Қарағанды қаласының көркеюіне ұзақ жыл талмай еңбек етті. Қазір біз сол әкем салған үйде тұрамыз. Мұнша бақыт сыйлаған Қазақстанға, қонақжайлылық танытқан, бауырына тартқан қазақ халқына ризамыз, – дейді Зинаида Ивановна.
Қарағанды облысы
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар