Өнер • 14 Тамыз, 2024

Димаш Құдайберген Қазақстанның оңтүстігіндегі үңгірде бейнебаян түсіріп жатыр

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркістанда жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген Қазақстанның оңтүстігіндегі үңгірде бейнебаян түсіріп жатыр

Оtyrar.kz жазғандай, ол өңірдегі Ақмешіт үңгірінде бейнебаян түсірмекші.

Түркістан әкімі Дархан Сатыбалды өнер иесімен арнайы кездесіп, құрмет көрсетті.

Димаш Құдайбергеннің өзі Түркістанның жаңа кейпіне таңғалынын айтты.

- Түркістанның жаңа кейпіне, өзгеріске таңғалдым. Ұнап жатыр барлығы. Ес білгелі алғаш рет келуім, ерекше әсер алдым. Елдің осындай әдемі шаһарда тұрып жатқанын, еңсесі көтеріліп жатқанын көргеніме қуанып отырмын. Түркістан бүгінде түркі әлемінің туристік астанасына айналып, дүние жүзіне танылып жатыр. Ең бастысы еліміз тыныш болсын! Қалаларымыз әлемге танылып, халқымыздың дүниетанымы, руханияты көкжиегі кеңейе берсін!, – деді Димаш Құдайберген.