Қоғам • 25 Шілде, 2024

Лондондық ғалымдар адам өмірін ұзартатын дәрі ойлап тапты

1156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондон ғалымдары адам ғұмырын ұзарта түсетін дәрі-дәрмек ойлап тапты.

Лондондық ғалымдар адам өмірін ұзартатын дәрі ойлап тапты

Сынау мақсатында олар иннова­циялық өнімді тышқанға қолданып, тәжірибе жүргізген еді. Нәтижесінде, кеміргіш­тердің жағдайы жақсарды. Қатерлі ісікке шал­ды­ғу қаупі де азайды. Қартаюды рет­тей­тін ақуыз бөлінісі тежеліп, өмір сүру ұзақ­тығы шамамен 20-25 пайызға артты. Ғалымдардың айтуынша, бұл дәрінің адам ағзасына еш зияны жоқ. Сынақ жұ­мыстары оң нәтиже берсе, адамға қолдануды жос­парлап отыр.