
Бұл туралы Илон Маск әлеуметтік желі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, жаппай өндіріс 2026 жылы қолға алынады. Әр құлтемір шамамен 20 мың доллардан сатылады. Негізі «Tesla» осыдан 2 жыл бұрын «Оптимус» деп аталатын адам тәрізді роботтың прототипін көпшілікке таныстырған еді. «Жасанды интеллектінің көмегімен жұмыс істейтін осындай құлтемірлер болашақта маман тапшылығы мәселесін түбегейлі шешеді», дейді Илон Маск.