Tengri Sport хабарлағандай, әлеуметтік желіде Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйлықтар қызу талқылануда. Желі қолданушылары басқа Олимпиада жүлдегерлерімен салыстырғанда Нариманға жеткілікті дәрежеде құрмет көрсетілмеді деп санайды.
Ал спортшы бұл мәселеге мүлдем алаңдамайтынын айтты.
- Иә, мені бөліп жарғаны, көлік те, пәтер де бермегені туралы жазылған пікірлерді көп оқыдым. Әрине, бірінші кезекте осындай қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Бірақ мен ол нәрселердің барлығын өз күшіммен алатынымды білемін.
Егер маған тағы бір нәрсе керек болса, мен оған ақша табамын. Жалғыз айтарым: қазір өмірімде болып жатқан оқиғалар мені шынымен бақытты етеді, – деді спортшы.
Айта кетейік, Олимпиаданың күміс жүлдегер ретінде Нариман Құрбанов мемлекеттен 150 000 доллар сыйақы алады.