Қоғам • 07 Қазан, 2022
Қарағанды аймағында барымтамен байымақ болғандардың «қарымтасы» дайын. Ұрылардың жолын блокбекет кеспек. Арнайы топ күні-түні күзететін бекет күз түсе күшейетін мал ұрлығының алдын алмақ.
Қоғам • 06 Қазан, 2022
Студент қауымын жатақханамен қамту кейінгі жылдары жиі қозғалған өзекті мәселенің біріне айналғаны анық. Осыдан 4 жыл бұрын еліміздегі 75 мың студентті жатақханаға орналастыру жоспары қойылса, Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 2018-2021 жылдар аралығында 30 мыңнан астам орны бар 124 жатақхана салынған.
Театр • 05 Қазан, 2022
Шолпан Жандарбекованың есімі берілді
Театр тарихында аты алтын әріптермен жазылатын тұлғаның бірі, «Алаштың Ақтоқтысы» – Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл.
Білім • 04 Қазан, 2022
Ұстаздар күні мерекесінде мұғалімнің мерейін өсірген игілікті істің бірі Қарағанды облысында да жалғасты. Өңірдің білім саласына үлес қосқан бір топ ұлағатты ұстазға «Қарағанды облысы білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісімен бірге 1 млн 225 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Бұл сыйлық бірнеше жылдан бері тағайындалып келеді. Биыл «Қарағанды облысы білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісін бес ұстаз иеленді.
Руханият • 03 Қазан, 2022
Заңғар жазушыға бюст орнатылды
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 28 қыркүйекте 125 жыл толды. Тап осы күні Қарағанды шаһарында дара тұлғаның бюсті ашылды. Авторы – мүсінші Ербосын Бағыбаев. Мүсінші бюсті бір айға жуық уақыт жасапты.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2022
Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің туындыларына хас өнерді аса әспеттейтін француздар да куә болысты. 8 күнде Францияның түрлі қалаларындағы көрмеде француздар Кәріпбектің тағдыры мен туындысы арқылы жалпы ядролық қарудың қандай зұлмат екеніне және бір көз жеткізді.
Білім • 30 Қыркүйек, 2022
Ньютонды түпнұсқада оқитын мұғалім
Әсілі, ұстаздар туралы сөз қозғай қалсақ, Мағжанның «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі» деген ұлы сөзі көмейге келіп, кептеліп тұратынын несіне жасырайық. Ұлы тұлға айтып кеткен ғасырлар бойы айнымайтын аксиома. Бұдан соң бірдеңе деудің өзі – артық. Бірдеңе деудің өзі – қайталау. Тек бізге қалғаны – мұны түпсанамен түйсініп, жүрек түбіндегі құрмет-қошеметті еселей түсу. Бүгінгі біздің үйдің еркесі – елдің ертеңгі серкесі екенін ұғынсақ, оны ұлт тұтқасы қылатын осынау ұстаздар екенін естен шығармау.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Көлік апатының сұрқай статистикасы сананы сансыратып тұр. Шақша басты шарадай қылады. Қара аспанды басымызға төндіргіміз жоқ. Десек те жұрт болып, жиылып, алқақотан отыра қалып, ойлануды қажет етеді. Оған түрткі – соңғы бес жылда елде жыл сайын 2 мың адамның көлік апатынан көз жұмуы.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Ұстаздарға қызметтік пәтер берілді
Кейінгі жылдарда ұстаздардың мерейін тасытып, мәртебесін асыратын игі істер көбейді. Не десек те, білім саласы қызметкерлеріне қошемет көптік етпейді. Қазан айының алғашқы жексенбісінде өтетін Ұстаздар күні қарсаңында Қарағанды облысында бір топ мұғалімге қызметтік пәтер кілті табысталды.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2022
Кәсіпкері көбейген елдің ырысы еселі
Қарағанды облысындағы бұқараның 40 пайызы кәсіпкерліктен нәпақасын айырады. Соған сәйкес өңірде өндірілген өнімнің 40 пайызы – осы кәсіпкерлердің еншісінде. Қатары Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы іске қосылғалы кәсіпке бет бұрғандар қатары одан сайын толыға түсіпті. Жыл басынан бері 166 шағын және орта бизнес ісін бастаған.