Қоғам • 06 Қазан, 2022

Жаңалығы көп жатақхана

191 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Студент қауымын жатақханамен қамту кейінгі жылдары жиі қозғалған өзекті мәселенің біріне айналғаны анық. Осыдан 4 жыл бұрын еліміздегі 75 мың студентті жатақханаға орналастыру жоспары қойылса, Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 2018-2021 жылдар аралығында 30 мыңнан астам орны бар 124 жатақхана салынған.

Жаңалығы көп жатақхана

Оған қоса, министрлік биыл жоғары оқу орындарын ең алды­мен қабылдаған студенттеріне жа­тақхана беруге міндеттеді. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ха­лыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Бір­­тұтас ұлт. Берекелі қо­­ғам» Жол­дауында тағы бір мәр­те атап көр­сетіп, арнайы тап­сырмалар бер­ді. Қазіргі уақыт­та жер-жерде жа­тақханалар құры­лы­сы жүріп жа­тыр.

«Келесі маңызды мәселе – студент­терді жатақханамен қам­та­­масыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияла­ры­мен мемлекет-жекеменшік се­рік­тестік орнату тәсілін ба­рын­­ша енгізу керек. Сондай-ақ бар­­лық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұ­рыс емес деп санаймын. Сол себепті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Әрине, мұны оқу орын­дарынан біртіндеп талап еткен жөн», деді Президент Жол­да­уында. Бүгінде кейбір жо­ғары оқу орындарының өз қара­жат­тары есебінен жатақхана салуды қолға алғанын атап өткен абзал.

Қарағанды медицина уни­вер­ситеті су жаңа жатақ­ха­на­ны желтоқсан айында студент­тер игілігіне тапсырады. Тоғыз қабатты жатақхананы оқу орны өз қаражатына тұрғызуда. Онда 400 орын бар. Қарағанды қала­сының орталығында орналасқан жа­тақханаға арнайы жер телімі берілген.

Студенттердің бұл үйі зама­на­уи болады деп күтілуде. Бір бөл­меде екі орын. Әр бөл­ме­де жеке жуынатын орын қарас­ты­рыл­ған. Бұрынғы жатақ­ха­на­лар­дай ортақ емес.

Басқалардан ауыз толтырып ай­тарлық артықшылығы да аз емес. Мәселен, толықтай жарықтандырылған жатақхана ауласы бар. Бұған дейін жатақ­ханаларда аула атымен ойлас­ты­рыл­мағанын ескерсек, мұны бір басымдық деуге тұрарлық.

Жатақхана аумағында жат­ты­ғу құрал-жабдықтарымен спорт алаңы да жасақталады. Ғи­марат ішіндегі кең спорт залы жастар арасындағы бұқаралық спорттың дамуына ықпал ете түсері хақ. Бұдан бөлек жобада студенттердің түрлі іс-шара өткізуіне арналған мәжіліс залы ес­ке­ріліпті. Оқу залы, ком­пью­тер­лік сынып та студенттер игі­лігі­не қызмет етпек.

Құрылыс мердігері «Каз­строй­­подряд» ЖШС ком­паниясы жатақ­хананың қабыр­ғасы қала­ну­­дан бастап, табал­ды­ры­ғына тө­­се­лер кілемшеге дейін жа­уап­­­­ты. Яғни бұл компания құ­­ры­­­лыс­ты салып, түгелдей жи­һазбен жабдықтауға дейінгі мін­дет­ті мойнына алған. Жалпы, жатақхана құрылысының құны – 2 млрд теңге.

«Жатақхана іске қосылғанда оқу орнының тұрғын үй қоры 3 мыңнан аспақшы. Жалпы, университетте 7 мыңнан астам студент білім алса, олардың жай­лы да алаңсыз тұрмысын оқу орнының 6 жатақханасы қам­тамасыз етеді. Бұл жатақ­ха­на­лардағы орын саны – 2 761», дейді Қарағанды медицина университетінің баспасөз қызметі.

 

Қарағанды облысы