Мәдениет • 23 Қараша, 2024

Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 және 23 қараша күндері Алматы қаласында белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.

Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Концерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Яшлык» ансамблі 1974 жылы құрылған. Ұлттық музыканы халық аспаптарымен үйлестіріп, жаңа өңдеумен ұсына білген топ бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.

Іс-шараға «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты.

Концертте ансамбльдің 70–80 жылдардағы хиттері мен танымал әндердің заманауи өңделген нұсқалары орындалды.

Өнер ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Яшлык» ансамблінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, ансамбльдің Қазақстанның музыка мәдениетіндегі орны ерекше екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35