Құрылыс • 19 Мамыр, 2023
Баспанамен қамтудың барысы қалай?
Кейінгі жылдарда құрылыс компаниялары табыс табудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізгені туралы айтылып жүр. Ел экономикасында алабөтен орын алатын құрылыс – бүгінде инвестиция көптеп құйылатын негізгі саланың бірі. Ресми деректер құрылыс саласы ішкі жалпы өнімнің 6 пайызын иемденетінін айтады. Бұл ретте Қарағанды аймағында баспана салу бірнеше есеге артқанын атап өту керек. Нақтыласақ, Қарағанды – республикада құрылыс бойынша бесінші орында. Ал ел экономикасындағы үлесі – 5,6 пайыз. Бірақ құрылыс қарқын алғанымен, бұқараны баспанамен қамтуда сұранысты толық өтеу әзірге мүмкін болмай тұр.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2023
Ұрпақтар сабақтастығын алқалаған іс-шара
Төрткүл әлем түгел атап өтіп жатқан Отбасы күні мерекесі кеншілер мекенінде де атаусыз қалмады. Бұл күні Қарағандыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ресми түрде ашылып, оның аудандық және қалалық кезеңдеріне қатысуға өтініш қабылдау басталды.
Денсаулық • 16 Мамыр, 2023
Онкогематологияны емдеуге – 2,9 млрд теңге
Онкогемотология дерті өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде алтыншы орынды алады екен. Жер бетінде осы дертпен жылына 500 мың адам тіркеуге алынады екен. Ал ашық ресурстағы ақпараттар Қазақстанда бүгінгі таңда қан түзетін және лимфа тінінің онкологиялық ауруымен 10 мыңнан аса науқас есепте десе, жыл сайын тағы 1 700-1 800 жаңа жағдай тіркелетінін жария етеді.
Айтыс • 16 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алдында қайта жаңғырған айтыс тарихында «Қазақтың Сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтовтың есімі ерекше аталады. Оның «Сары тентек» аталуының тарихы да бар. Бұл атауды 1990 жылы Ташкентте өткен халықаралық айтыста «Қазақ айтысының, қазақ елінің абыройын сақтап қалдың, айналайын Сары тентегім!» деп Халық ақыны Қонысбай Әбілов риза болып берген екен.
Туризм • 16 Мамыр, 2023
Балқашта туризмнің бағы қашан жанады?
Түркия секілді туристпен таң атырып, туристпен күн батырған ел болу – әзірге арман. Ұшақтан түскен қонағының табанын жерге тигізбей, маңдайын желге сүйгізбей, иіліп-бүгіліп қызмет көрсетуге жете қойған жоқпыз. Алдағы жылдарда жетерімізге де күмән-күдік көп. Жайлылығымен туристің жағасына шаң қондырмайтын түрік бауырлар туризм туралы сынақ алса, қирай жығыларымыз тағы шын. Өйткені өзімізде туризм деп жал күдірейткеніміз ондағы қызметтің қасында тезек теріп қалады. Содан да ішкі туризм іркіліп тұр. Қызмет көрсету – кемшін. Баға – удай. Жайлылық – төмен. Бұл олқылықтар көсіліп жатқан көкше көл Балқаштың да басында бар.
Қоғам • 09 Мамыр, 2023
Соғыстың соңғы солдаттарына құрмет
Деректерге жүгінсек, 1941-1945 жылдары Қарағанды аймағынан барлығы 45 мың адам майданға аттанған. Жазмыштың жаузымен оның 18 мыңы соғыс даласында дамыл тауыпты. Бүгінде Жеңісті жақындатқан ардагерлердің қатары да Қарағандыда сиреді. Олар санаулы-ақ. Осы күні өңірде он үш ардагер ғана бар.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2023
Шағын қаладағы жастардың шаттығы
Қарағанды өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық несие биыл тағы жалғасын тапты. Жүйе былтыр бастау алып, Қарағанды қаласының басынан 92 жас пәтерлі болған еді. Ал биыл бағдарламаның ауқымы кеңейді. Ол енді тек Қарағандымен шектелмейді. Теміртау қаласының жастары да бұл бағдарламада бағын сынауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта бұл ауқым тіпті кеңейе түспекші. Жыл соңына дейін жастар бағдарламасы Балқаш, Саран секілді қалаларда жүзеге асады. Моноқалалардың мұндай бағдарламада қамтылуы республикада бірінші рет жүзеге асқанын атап өткен жөн.
Ұстаз • 03 Мамыр, 2023
Бапкерді ел Президенті құттықтады
Үстел теннисінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Эльмира Әлиеваның есімі бүгінде республикаға ғана емес, шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Жуырда халықаралық турнирлердің, чемпионаттар мен спартакиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің бапкерін ел Президенті мерейлі жасымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтау хатын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады.
Дін • 03 Мамыр, 2023
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылды діни сауаттылық аясында «Ислам және ізгі қоғам» деп жариялағаны аян. Осы орайда ізгілікке үндеген іргелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Ел үлесі пәтерге» акциясы арқылы аз қамтылған азаматтарға пәтер табысталса, «Өмірге үміт сыйла» жобасы емделуге мұқтаж жандардың ем-шара алуына көмек береді.
Құқық • 02 Мамыр, 2023
Дүниенің бәрі онлайнға байланған бұл күні баяғыдай баукеспе жоқ. Ұры-қарылар түз жорытып, жонын тоздырып әуреге түспейді. Есесіне телефон арқылы талайды тақырға отырғызып келеді. Бір кездері құзырлы орындар интернет арқылы жасалатын қулық-сұмдықтың өршіп бара жатқанын мәлімдеген еді. Осы күні алаяқтық екі күннің бірінде тіркелетін қылмыс сипатына ие болды. Содан да болар, бүгінде жапа шеккендер қарасы қалың.