«Сіз өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне зор еңбек сіңіріп, қомақты үлес қосып жүрген құрметті педагог, тәжірибелі жаттықтырушысыз. Халықаралық ареналарда еліміздің көк туын асқақтататын жеңімпаздар тәрбиелейтініңізге сенім зор. Алдағы уақытта ауылда да үстел теннисі дамыса екен дейміз. Өйткені бұл – әлеуеті зор спорт түрі», деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Эльмира Әлиева халықаралық дәрежедегі екі спорт шеберін, 20-дан астам спорт шеберін, жастар арасында әлем чемпионы және Азия чемпионатының жүлдегерін тәрбиеледі. Олардың қатарында үстел теннисінен 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиевтің де бар екенін жанкүйерлер жақсы біледі.
«Мемлекет басшысының мерейтойыммен құттықтағанына өте қуаныштымын. Шәкірттерім алдағы уақытта халықаралық ареналарда өтетін жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімді саламын. Кейінгі жылдары Қазақстанда үстел теннисі қарқынды дамып келе жатқаны бәрімізді қуантады. Мамыр айында Оңтүстік Африка Республикасында өтетін әлем чемпионатында тоғыз спортшымыз ел намысын қорғайды. Қарағанды облысынан Зәуреш Ақашева мен Алан Құрманғалиев қатысады», деді Эльмира Әлиева.
Эльмира Әлиева үстел теннисімен 11 жасынан бастап айналысып, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі, Бүкілодақтық турнирлердің жеңімпазы атанды.
ҚАРАҒАНДЫ