Қызғалдақ АЙТЖАН
Қызғалдақ АЙТЖАН«Egemen Qazaqstan»
130 материал табылды

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Үлгілі ауыл

Қарағанды облысы Нұра ауданында ішімдік сатпайтын әрі оны татып алмайтын ауыл бар. Бұл ауыл Тікенекті аталады. Тағы бір қызығы, ауылда екі жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ішімдік атаулы ауылдан аласталған екі жылда біреудің біреу ала жібін аттап көрмепті. Ауылда 226 адам тұрады. Тікенекті еліміз бойынша «Үлгілі ауыл» атанды.

Қоғам • 12 Қаңтар, 2023

Жарылыстан үш адам қаза тапты

Қарағанды қаласында көпқабатты үйдегі жарылыс үш адамның өмірін жалмап кетті. Бір адам орташа ауыр халде ауруханада жатыр. Қаңтардың 10-ында апақ-сапақта – кешкі тоғыз жарым шамасында жарылыс болып, 16 қабатты үйдің тұрғындары жедел эвакуацияланды.

Медицина • 10 Қаңтар, 2023

Ерекше бала һәм су терапиясы

Қазір қоғамда балалар арасында белең алған бір кесел – аутизм. Ашық ресурстағы дерек­тер аталған сыр­қат­тың әлемде де көбей­­ге­нін көрсетеді. Бұл тура­­лы мәліметтер осы күні көп. 2000 жылдармен салыстырғанда қоғам да бұл балаларға қандай көмек керектігін жақсы біле бастады. Көпшілігінде ем қон­­байтын дерт деге­німен, ертерек алдын алса, баланың орта­ға бе­йімделуіне, бұйы­ғы әлемінен бері қа­рай шынайы өмірге шығуына мүмкіндік барын да ешкім жоққа шығармайды.

Оқиға • 09 Қаңтар, 2023

Қыршын кеткен қос сарбаз

Жалпы тарихта түрлі атаумен қалған азалы күндер көп. Қаңтар оқиғасы сондай қасіретті атаумен, қанмен жазылып, кәрі тарихтың бір парағына айналды. Тәуелсіздік бәске тігілген қаралы күндерде қыршын кеткен талай жастың обалы опасыздарға. Қаңтар қырғыны кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытып, қызметтерін мінсіз атқара білді. 400-ден аса ұландық әскери қызметші түрлі деңгейдегі жарақат алса, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза болды.

Руханият • 16 Желтоқсан, 2022

Тәуелсіздік белгісі

Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда «Қазақ хал­қының мұрасы» кітап­тар сериясының «Qazaq club» бастамасымен «Тәуел­сіз­­дік белгісінің» тұсау­кесері өтті. Көпші­лікке ұсы­­нылған «Тәуел­сіздік бел­­­гісі» осыған дейін 2020 жылы жарық көрген «Тә­уел­­­сіздік лентасының» не­гізінде жасалды.

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022

Қарағандыдағы шина өндірісі

Қазақстанның ішкі нарығын жеңіл көліктерді доңғалақпен толық жабдықтауға мүмкіндігі зор «KamaTyresKZ» ЖШС-ның шина зауытында алғашқы өнім алынды. Зауыттың бірінші өнімін шығару рәсіміне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов және Allur компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысты.

Білім • 09 Желтоқсан, 2022

Оқушыларды шалғай ауылдан жеткізеді

Балалардың қа­уіпсіздігі – қо­ғам үшін қа­шан­да өзекті мә­селе. Осын­дай мәселенің бір шешімі ретінде Қара­ған­­ды өңірінде шалғайдағы 121 елді мекеннен оқушыларды мектепке жеткізетін 27 жаңа автобус тарту етілді.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022

Үздік әрі белсенді үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

Қарағандыда еліміздің түкпір-түкпірінде тең қоғам үшін тынымсыз еңбек етіп жүр­ген үкіметтік емес ұйым­дарға республикалық сый­лықақы тапсырылды. Атаулы іс-шараға Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы қатысты.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2022

Бразилиялық күрестен бәсі жоғары

Бразилиялық джиу-джитсудан өткен халықаралық фестиваль мен әлем чемпионатынан қарағандылықтардың қоржыны 31 алтын, 9 күміс және 5 қола медальмен толықты. Мамандар «Марапаттар саны бойынша бұл – рекорд», дейді.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022

Шабанбай биге құрмет

Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылындағы ағайын би бабаға бюст қойып, игілікті іс тындырды. Бұл ескерткіш бюджеттің қаржысы емес, бұқараның ықылас-ниетімен бой көтерді. Дәлірек айтсақ, ауылдың 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерінің бағалы бастамасына Шабанбай би атындағы қауымдастық, жергілікті билік те қолдау танытыпты.