Білім • 09 Желтоқсан, 2022

Оқушыларды шалғай ауылдан жеткізеді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалардың қа­уіпсіздігі – қо­ғам үшін қа­шан­да өзекті мә­селе. Осын­дай мәселенің бір шешімі ретінде Қара­ған­­ды өңірінде шалғайдағы 121 елді мекеннен оқушыларды мектепке жеткізетін 27 жаңа автобус тарту етілді.

Оқушыларды шалғай ауылдан жеткізеді

Бұл автобустар – Саран қаласындағы «QazTehna» ЖШС автобус зауыты­нан шыққан. Зауыт басшылығының мәлім­деуінше, көлік қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар балаларға ыңғайлы болу үшін сөмке қоятын орын да қарастырылған. Орындықтарда қауіпсіздік белдіктері, есік ашық қалған жағдайда қозғалуға мүмкіндік бермейтін механизм, пандус орнатылған.

Автобустар сағатына 60 шақырымға дейінгі жылдамдықпен ғана жүре алады. Өйткені онда арнайы жылдамдықты шектеу бар.

Ал мектептерге келсек, алдағы үш жыл ішінде облыста 22 мектеп бой көтермекші. Оның 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде салынады. Бұған қоса ерекше балалардың да жағдайы ескерусіз қалмақ емес. Мәселен, олар үшін осы жылы 5 арнайы ұйым ашылғанын атап өткен жөн.

 

Қарағанды облысы