Қоғам • 12 Қаңтар, 2023

Жарылыстан үш адам қаза тапты

181 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында көпқабатты үйдегі жарылыс үш адамның өмірін жалмап кетті. Бір адам орташа ауыр халде ауруханада жатыр. Қаңтардың 10-ында апақ-сапақта – кешкі тоғыз жарым шамасында жарылыс болып, 16 қабатты үйдің тұрғындары жедел эвакуацияланды.

Жарылыстан үш адам қаза тапты

Бұл үйде 127 пәтер бар. Жарылыс 8-қабаттағы пәтерде болған. Жарық жүйесінен ағытылған үй тұрғындары дереу қонақ үйлер мен жатақханаларға орна­ластырылған. Жарылыстың себе­бі алғашқы болжам бойынша газ деп хабарланған еді. Алайда соңыра оқиға орнын зерттеу барысында газ құрылғысы табылмаған. Қазір жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.

Облыстың төтенше жағдайлар депар­таментінің хабарлауынша, 10 қаң­тарда сағат 21.29-да Республика даңғылы, 18/2 мекенжайдағы 16 қа­батты 127 пәтерлі тұрғын үйден өрт шық­қаны туралы хабарлама келіп түскен.

«8-қабаттағы пәтерде жалпы ауданы 30 шаршы метрді алған өрт болды. Жанып жатқан пәтерден 1979 жылы туған ер адам құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Барлау бары­сында үш адамның денесі табылды. Болжам бойынша екеуі – ер, біреуі – әйел адам. Төтенше жағдайлар депар­таменті қызметкерлерінің күші­­мен 48 адам құтқарылды. Оның ішінде 9 бала бар. 82 адам эвакуацияланды, оның 21-і бала. Сағат 22.55-те өрт сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ бөлім­ше­лерінен 88 адам мен 23 техника жұ­мыл­ды­рыл­ды.

Оқиға орнынан газ құрылғылары табылған жоқ. Ешқандай қирау мен құры­лымдық бұзылу жоқ. Жылу­мен жабдықтау жүйелері бұзыл­маған. Өрттің себебі анықталуда», деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті. Эвакуацияланған тұр­ғындар туыстарына, қонақ үй­ле­рі­не орналастырылды. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жатыр. 

«Барлық 126 пәтердің тұрғыны эвакуацияланды. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс іс­тей­ді. Қазір үйде электр қуаты жоқ. Бірақ жылу бар. Жақын арада үй тек­се­ріліп, тұрғындарды қайтару жөнінде шешім қабылдаймыз. Пәтерлеріне оралғысы келетіндер қайтып келеді. Төменгі жеті пәтер ғана зардап шек­­ті. Жоғарғы, төменгі пәтерлерді өрт шар­пыған жоқ», деді Қарағанды әкімі міндетін атқарушы Мейрам Кожухов.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруха­на­ға түскен науқастың жағдайы орташа ауыр.

«Науқас есін жоғалтқан жоқ, реа­нимацияда жатыр. Дәрігерлер тарапынан барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Науқастың кеуде қуысы, жіліншік сүйектері сынған», деп хабарлады Қарағанды облысы ден­саулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті өрт бойынша қыл­мыс­тық іс қозғалғанын мәлімдеді. Кінәлі анықталса, оған екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол екі жылға бас бос­тан­ды­ғынан айырылады.

«Көпқабатты үйде болған өрт де­регі бойынша, полиция қызмет­кер­лері Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-тармағы «Отпен немесе қауіп­тілігі жоғары өзге де көздермен жұ­мыс істеу арқылы жасалған ауыр зар­дап­тарға әкелген бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бойын­ша қылмыстық істі тіркеді. Бұл бап­тың санкциясына сәйкес екі мың айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айып­пұл немесе сол мөлшерде түзеу жұ­мыс­тарына жіберу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жа­за­сы көзделген. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тер­геу амалдары жүргізілуде», дейді Қара­ғанды облысы полиция де­пар­таментінің баспасөз қызметі.

 

Қарағанды