Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылындағы ағайын би бабаға бюст қойып, игілікті іс тындырды. Бұл ескерткіш бюджеттің қаржысы емес, бұқараның ықылас-ниетімен бой көтерді. Дәлірек айтсақ, ауылдың 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерінің бағалы бастамасына Шабанбай би атындағы қауымдастық, жергілікті билік те қолдау танытыпты.

Шабанбай биді насихаттауға байланысты құрылған ұйымдастыру алқасының төрағасы ақын Қуаныш Мақсұтов Ақтоғай ауданы Қаратал орта мектебін 1982 жылы бітірген түлектер былтыр қараша айында осы идеяны ұсынғанын айтады.
– Түлектер ауылға Шабанбай Қалқаманұлының бюстін қою туралы аудандық әкімдікке хат жазып, бастама көтерді. Бастама аудан, облыс басшылығы тарапынан қолдаусыз қалмады. Мәдениет және спорт министрлігінің Ескерткіштер қою жөніндегі мемлекеттік комиссиясында арнайы қаралып, бүгін оның нәтижесін көріп отырмыз. Игі іс барысында Шабанбай би атындағы қауымдастық та қаржылай да, жұмыс күшімен де көп көмек көрсетті, – дейді Қуаныш Мақсұтов.
Бюстің төстабаны – 2 метр 70 см, іргетасы – 3 метр 60 см, мүсіннің биіктігі 1 метр, 70 см құрайды. Жалпы ескерткіштің биіктігі 4 метр 40 см шамасында. Бюсті жасаған мүсінші Бейбіт Мұстафин, сәулетшісі Ислам Кенежанов. Бюстің қасына Жидебай батырдың берген бағасы мен Жақсы Жанғұтты бидің батасы қоса жазылған.
Шабанбай би ұрпақтары қауымдастығының президенті Ғабиден Есембеков бюст маңайына келешекте саябақ орнатуға мүмкіндік болатындай ауылдың көрнекті жері таңдалып алынғанын жеткізді.
– Бюсті орнату үшін Ақсораң тауының әсем көрінісі айқын көрінетін ауылымыздың биік жері таңдалды. Ауылдың бас жоспарына сәйкес Шабанбай би мүсіні маңайында аумағы кең демалыс орны болады, – дейді Ғабиден Есембеков.
Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің ауылдарына тарту-таралғы жасайтын әдет бұл ауылда жақсы қалыптасқан. Бұған дейін бір топ азаматтар Әлихан Бөкейхан бюстін орнатып берген болатын. Саябақты абаттандырған да сондай азаматтар еді.
– Биыл мектеп бітіргенімізге 40 жыл толды. Біздің ауылда жазылмаған заң бар. Әр жылдары мектептен ұшқан түлектер ауылдың дамуына ат салысуға тиіс. Біз де сыныптастарымызбен ақылдаса келе, Шабанбай би ауылында бабаға ескерткіш қоюды ұйғардық. Бар құрбы-құрдас бұл шешімді бір ауыздан қабыл алды. Сонымен қатар осы ауылдағы жаңа мектепті біз бірінші түлек ретінде бітірген екенбіз. Соған орта мектепке электронды таблосы бар қақпа да қойып бердік. Бұл – мектепке тартқан сыйымыз, – дейді Серікхан Құлатаев.
Шабанбай Қалқаманұлы – заманында зерделі, көкірегі қазына, ақылға бай, ойы терең, толғауы кең, топшылауы жүйрік, алғыр да тапқыр әділ би атанған. Зираты қазіргі Шет ауданында, Ақтоғай-Қарағанды тас жолының 103-інші шақырымы тұсында, өзен жағасында орналасқан. Шабанбай би Сарыарқаның Қараменде, Сеңкібай, Жидебай, Боранбай, Жанғұтты сияқты атақты би-шешендерімен замандас деген дерек бар.
Ел ішінде Жидебай батырдың «Шаппай жүйрік болған Шабаным, Сөйлемей шешен болған Шабаным», жақсы Жанғұттының Шабанбай биге берген «Аллаға жағамын десең, азанды бол, Халыққа жағам десең, қазанды бол, Судай таза бол, Жердей көтерімді бол!» деген батасы сақталған.
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы,
Шабанбай би ауылы
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Ұқсас жаңалықтар