Аймақтар • 19 Ақпан, 2023

Оқушылардың олжасы

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық оқушылар Халықаралық Жәутіков олимпиадасында бір күміс, екі қола медаль еншіледі.

Оқушылардың олжасы

Атап айтқанда, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқу­шысы Рамазан Пердебай кү­міс жүлде иеленсе, осы мек­тептің оқушысы Әлішер Қазтаев пен №1 Білім және инновация лицейінің оқушысы Абзал Бекежан қола жүлдені жеңіп алды.

– Олимпиадаға екі оқушы­мызды жібердік. Екеуі де математика, информатика және физика пәндерінен үздіктер сапынан көрінді. Бұл – жоғары көрсеткіш. Жазда республикалық олимпиада өтеді. Егер Әлішер жақсы нәтиже көрсетсе, респуб­ликалық құрамаға кіреді, – дейді Н.Нұрмақов атындағы маман­дандырылған мектеп-лицей ин­тер­натының информатика пәні мұғалімі Айдар Сейілханов.

Абзал Бекежан бұл олимпиа­даға алғаш рет қатысқанын айт­­ты. «Бірақ бұған дейін инфор­матика бойынша басқа да ха­лықаралық жарыстарда бақ сы­надым. Еуропалық жасөс­пірімдер олимпиадасының күміс медалі, еліміздегі білім олим­пиадасының күміс медалі және басқа да марапаттарым бар», дейді ол.

Олимпиада жүлдегерлеріне еліміздің іргелі жоғары оқу орын­дарының атаулы сыйлықтары мен білім гранттары берілді.

 

ҚАРАҒАНДЫ