Туризм • Бүгін, 20:53

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 24-ші Қазақстан халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі – KITF 2026 өз мәресіне жетті. Көрме үш күн ішінде мыңдаған қонақты жинап, өңірдің туристік әлеуетін тағы бір мәрте айғақтады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үш күнге созылған шара барысында 6 мыңнан астам адам көрмені тамашалап, ол Орталық Азиядағы ең ірі туристік алаңдардың бірі ретінде танылды.

Биылғы көрмеге әлемнің 24 елінен 414 компания қатысты. Олардың қатарында алғаш рет Кипр, Моңғолия, Шри-Ланка және Абу-Даби бағыттары таныстырылды, бұл халықаралық әріптестік ауқымының кеңейгенін көрсетеді.

Алматы туризмі Сеулде насихатталды

Қазақстан тарапынан 68 компания өз туристік өнімдерін ұсынды. Көрме іскерлік байланыстарды нығайтып, жаңа серіктестіктер орнатуға жол ашты. Сонымен қатар, Алматының туристік әлеуетін жан-жақты таныстыруға мүмкіндік берді.

Алматы әкімдігі

Мамандардың айтуынша, Алматы шетелдік туристер үшін тартымды бағыт ретіндегі орнын сақтап отыр, әсіресе wellness және сауықтыру туризмі бағытында сұраныс жоғары.

Осындай ауқымды іс-шаралар қалаға туристер мен инвестиция тартуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді.

Алматы тауларына күніне 30 мың турист тарту жоспарланды

Соңғы жаңалықтар