Қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдау жүргізіліп жатыр. Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- Аспаз – тағам дайындау және санитарлық талаптарды сақтау;
- Маркетолог – тауарлар мен қызметтерді ілгерілету, жарнама және нарықты талдау;
- Тәрбиеші көмекшісі – балаларды күту, дамыту және педагогке көмек көрсету;
- Флорист-декоратор – гүл шоқтарын құрастыру және іс-шараларды безендіру;
- Шахмат жаттықтырушысы – шахмат ойынын үйрету және логикалық ойлауды дамыту;
- Әкімші – жұмыс процесін ұйымдастыру және құжаттаманы жүргізу.
Оқу кезеңінде қатысушыларға ай сайын 86 500 теңге көлемінде жалақы төленеді. Оқу мерзімі 2-3 айды құрайды және тікелей жұмыс берушінің базасында өтеді.
Қосымша ақпаратты Астана қаласының Мансап орталығынан алуға болады.