Қазақстан құрамасы әлемдік әуесқой бокстағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазіргі таңда бірден бес спортшы өз салмақ дәрежесінде әлем рейтингінің көшін бастап тұр.
Жаңартылған рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және Наталья Богданова (70 келіге дейін) бірінші орынға жайғасты.
Сонымен қатар тағы бірнеше боксшымыз әлем рейтингінде екінші орынға көтерілді. Олардың қатарында Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) бар.
Әлемнің үздік боксшылары қатарына Алуа Балқыбаева (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) енді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Келесі ірі жарыс Қытайдың Гуйянь қаласында өтетін әлем кубогының кезеңі болмақ. Турнир 15-21 маусым аралығында болады.