Фото: Ашық дереккөз
24.kz-тің мәліметінше, бүгінде отандастарымыз мемлекет есебінен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейінгі медициналық көмекті тегін алып отыр.
Тағы бір айта кететін жайт, кардиохирургия, нейрохирургия, ағза трансплантациясы және онкологиялық ауруларды емдеу бағыттары қаржыландырылады.
Бұдан бөлек, онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Нәтижесінде 300 мыңға жуық адам қосымша диагностикадан өтіп отыр.
Бұған дейін елімізде медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілгенін хабарлағанбыз.