Фото: istockphoto.com
Тиісті заң жобасының бастамашыларының бірі Болот Сағынбаевтың айтуынша, азамат жынысын ауыстыру операциясын шетелде жасатқан күннің өзінде, оның құжаттарында туған кездегі биологиялық жынысы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Sputnik_Kyrgyzstan хабарлады.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде осы уақытқа дейін жынысты ауыстыру бойынша бірде-бір операция ресми түрде тіркелмеген.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Еділ Жаңбыршин, Магеррам Магеррамов бастаған бірқатар мәжіліс депутаттар елімізде жыныс ауыстыруды заңмен тыйым салуға қатысты Парламентте мәселе көтерген болатын.