Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында орналасқан №307 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент сайлауына клиникада ем алып жатқан балалардың ата-аналары да бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау учаскесінде барлығы 174 адам дауыс берді.
Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.
Дауыс беру таңғы 7-ден басталып, сағат 12.00-де аяқталды.