Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 38 адам коронавирус індетін жұқтырған. Ауру белгісі бар 2 адамның ПТР нәтижесі теріс, деп жазады Egemen.kz.
21 қарашадағы мәлімет бойынша, 801 адам коронавирус инфекциясынан (627 + және 174 КВИ -) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.