• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 21 Қараша, 2022

Әр азаматтың борышы

154 рет
көрсетілді

Алты кандидат арасынан Әділетті Қазақ­стан­­ның келешегі үшін адал қызмет ететін тұлға­ны танып, өз таңдауын жасау – әр азамат­тың борышы.

Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен келген едім. Өзім Астана қаласының тұрғынымын. Ақтөбедегі тыңдарманыма арналған «Көңіл толқыны» атты концертім айлар бұрын жоспарланып қойылған еді, сайлау күнімен тұспа-тұс келіп, мерейімді тасытып отыр. Бүгін қарбалас болатындықтан, ертерек қамданып, Астанадағы техникалық колледжде орналасқан №80 сайлау учаскесінде отбасымызбен «Халық сенімін ақтауға лайық» деген үмітпен өз таңдауымызды жасадық. Тарихи сәттегі бұл таңдауым ел келешегі үшін тамшыдай үлес болып қосыларына сенемін.

 

Секен ТҰРЫСБЕК,

күйші-композитор,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты