Елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдау ісіне атсалысуға келдім. Еліміздің келешегі, тағдырына алаңдаушылық әрбір ұлтжанды азаматтың бойында болатын ізгі қасиет деп білемін.
Мен елімнің ертеңгі күнде дамығанын, тыныштықта өмір сүргенін қалаймын. Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. «Президент – біреу, қалғандарымыз тіреу болайық». Осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен қалмай өз таңдауымызды жасадық деп білемін. Ел алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан да, келешектен де мол жақсылық күтемін.
Асылы ОСМАН,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
АЛМАТЫ