Президенттік сайлауда дауыс санаудың алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың 81,31% дауысын жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 456 392 немесе 81,31% дауыс жинады; Қарақат Әбден - 206 206 немесе 2,6% дауыс жинады; Нұрлан Әуесбаев - 176 116 немесе 2,22% дауыс жинады; Жигули Дайрабаев - 271 641 немесе 3,42% дауыс жинады; Мейрам Қажыкен - 200 907 немесе 2,53% дауыс жинады; Салтанат Тұрсынбеков - 168 731 немесе 2,12% дауыс жинады.Сондай-ақ 460 484 қазақстандық немесе сайлаушылардың 5,8%-ы «барлығына қарсы» бағанын таңдады.