• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қараша, 2022

Қазақстан Даму банкінің директорлар кеңесінде ауыс-түйіс болды

168 рет
көрсетілді

Бұған дейін банктің басқарма төрағасы қызметін атқарған Нұрлан Байбазаров «Қазақстан Даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылғы 16 қарашадағы шешіммен Байбазаров Н.С. банктің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады. Олар: Қанат Шарлапаев, Әнуар Сәйденов, Марсия Элизабет Кристиан Фавале, Нұрболат Айдапкелов, Ерсайын Хамитов, Нұрлан Байбазаров.

Бұған дейін «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басшысы Руслан Ысқақовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен Нұрлан Байбазаров басқарма төрағасы болып тағайындалды.