• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 21 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

176 рет
көрсетілді

Қазақстандық Ева Корышева Испанияда атақты теннисші Хуан Карлос Ферреро академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы жазғандай, айтулы додаға АҚШ, Аустралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жастағы Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты.

Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета Немчекті 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Жұптық сында тағы бір қазақстандық Томирис Нұржанмен бірге соңғы бәсекеде Г.Немчек – румыниялық Анастасия Предадан айласын асырды – 6:2, 6:2.

Биылғы жыл Ева Корышева үшін табысты болды. Tennis Europe сериясымен өткен 4 турнирде жеңімпаз атанса, соның үшеуі жекелей сын еді.