• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2014

Үшемдер

513 рет
көрсетілді

Құдай – жомарт. Қаласа, үйіп-төгіп бере салады. Ретін келті­­­реді. Қиюын қиыс­ты­ра­ды. Әйтеуір, бір күн­де ба­қытқа бөлейді. Міне, сондай жағдай Сырдария ау­да­­нының Шаған ауылында тұ­­ратын Үмбетаевтар отбасында да орын алды. Өмірге үшем келді. 9 мамыр – Жеңіс күнінде өмір есігін ашқан үшемді ата-­анасы Ернұр, Арнұр, Ақнұр деп атапты. Балалардың әкесі ­Ербол Үмбетаев «Арал­газ» ЖШС-інде жұмыс істесе, дүниеге үшемді аман-есен әкелген анасы Әйгерім Әмзеева Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепте мұ­­­ға­лім болып қызмет атқа­рады. Бұған дейін отбасында 3 баласы болып­ты. Енді тағы 3 сәби қо­сы­лып отыр. Еліміздің демографиялық саясатына үлкен үлес қосқан отбасының қуанышында шек жоқ. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.