• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қараша, 2022

Қазақстанда көкөніс қоры жеткілікті - Ербол Қарашөкеев

191 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда көкөністің барлық түрі бойынша өнімділіктің артқанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысынан кейін министр көкөніс түрлерінің қоры жайлы шағын ақпарат берді.

«Бізде шамамен 4 миллион тонна картоп бар. Оның 2 млн тоннасын ұйымдасқан шаруашылықтар өндірген. Олардың жартысы - жеке қосалқы шаруашылықтар. Ауылдардың жартысы өздерін қамтамасыз етеді. Биыл бізде 4,2 млн тоннадан 4,7 млн тоннаға дейін картоп өндірісі артты. Жалпы көкөніс тобының барлық түрлері бойынша өнімділіктің артуы байқалады. Сапасы да өте жақсы», деді Ербол Қарашөкеев журналистерге.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір отандық өндірушілер азық-түлікті көкөніс қоймаларына сақтап жатыр.

«Біз өзімізді ғана емес, көршілерімізді де картоппен қамтамасыз етеміз. Өзбекстан, Ресей біздің картопты импорттайды. Көкөніс қоры ішкі нарыққа да жетеді. Бұған күмән жоқ - көкөністер жеткілікті. Жыл жақсы болды. Біз барлығын көкөніспен қамтамасыз етеміз», деп сендірді Ербол Қарашөкеев.