• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Парламент 22 Қараша, 2022

Сенатта медиация туралы заңды жүзеге асыру барысы талқыланды

299 рет
көрсетілді

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің сенаторлары дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын дамыту туралы заңды іске асыру барысын салалық мемлекеттік органдармен бірге талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет хатшысы Қанатбек Сафинов өз сөзінде дауларды шешудің балама рәсімдерін қолданудың маңызын атап өтті. Депутат бұл әдіс сот жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға, тараптардың қаржылық және ұйымдастырушылық шығындарын қысқартуға, сондай-ақ құқықтық жанжалдарды шешу мәдениетінің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біздің елімізде медиация өзінің қалыптасу және даму жолынан өтіп келеді. Болашақта медиацияны қолдану тиімдірек болады деп ойлаймын. Ал жанжалды жағдайлар дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібімен өзінің шешімін табады. Өйткені медиацияның өз артықшылықтары бар», деді сенатор Сафинов.

Отырыс барысында талқыланатын заң аясында, мысалы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте некені бұзуды тіркеу тәртібі жеңілдетілгені, ал «Нотариат туралы» заңда нотариустардың атқарушылық жазбаларын қолдану аясы кеңейтілгені атап өтілді.

Кездесуде Жоғарғы Соттың, Әділет, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері баяндама жасады. Олар дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Комитет депутаттары отырыс қорытындысы бойынша Үкімет пен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың атына жіберілетін ұсынымдар әзірледі.