• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қараша, 2022

Республикалық автожолдардың екі учаскесі қайта ашылды

165 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 08.00-ден бастап Абай және Жетісу облыстарындағы көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық. Сондай-ақ Жетісу өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашылды», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі. Ал Р-20 «Сарыөзек-Көктал» күре жолының 45-68 шақырымдары аралығында (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысына әлі де шектеу қойылып отыр.Естеріңізге сала кетейік, кеше кешке ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мәселен, өткен түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.