• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қараша, 2022

Ұлытауда алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқандар ұсталды

322 рет
көрсетілді

17 қарашада Ұлытау облысының полиция қызметкерлері алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан 30 және 41 жастағы жеті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнынан экскаватор, су айдауға арналған құбырлар мен шлангтар, бір бөшке жанармай және 83 қап алтын кені тәркіленді.  

Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар күдіктілерді – екі жол талғамайтын көлікпен жүрген 23 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады.

«Бірінші көлікті тексеру барысында бес патрондары бар тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тапанша атуға жарамды. Екінші көліктен полицейлер үш патронмен бірге травматикалық тапанша тапты. Сараптама қорытындысы бойынша қару атуға жарамды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.   

Аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) және ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.