• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қараша, 2022

Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup кубогіне қатысады

176 рет
көрсетілді

United Cup турнирі Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында 29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

 

Жаңа аралас командалық додаға 18 құрама қатысады.

Турнирдің ресми сайты мәлім еткендей, соңғы құрама ретінде Қазақстан анықталды. Қазақстандықтар B тобында Польша және Швейцария командаларымен шеберлік байқасады.

Бұл беделді жарыста ел намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова қорғайды.

Топтардың толық құрамы мынадай болды.

A тобы: Грекия, Бельгия, Болгария.

B тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

C тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания.

E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.