Мемлекет басшысын «Двин» кешенінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереван қаласына жұмыс сапарымен барғаны туралы жаздық.
Айта кетейік, Президент ҰҚШҰ-ның алдын ала бекітілген жұмыс жоспарына сай өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.