• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Қараша, 2022

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

546 рет
көрсетілді

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысында дүниеге келген.

Ол 1991 жылы ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы;

1993 жылы ҚР Президентінің көмекшісі;

1995 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары; 

1997 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі;

1997 жылы ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі;

1998 жылы ҚР Президентінің бірінші көмекшісі;

1999 жылы Атырау облысының әкімі;

2000 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

2002 жылы ҚР Премьер-Министрі;

2003 жылы ҚР Мемлекеттік хатшысы;

2004 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі.

2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі. 2014 жылдың қазанынан ҚР Қорғаныс министрі болды.

2016-2017 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2017 жылы Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек еткен.

Ал 2019 жылы 18 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы зейнет жасына толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған еді.

Айта кетейік, аталған қызметті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері Беларусь елінің өкілі генерал-лейтенант Станислав Васильевич Зась атқарып келген.