• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Қараша, 2022

Бала құқығын қорғау зәрулігі

178 рет
көрсетілді

Сенатор Нариман Төреғалиевтің төрағалық етуімен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Балалардың хал-ахуалы және олардың құқықтарының қорғалуы» тақырыбындағы кеңейтілген отырыс өтті.

Іс-шара барысында білім беру, даму мәселелері және балаларды қорғау саласындағы проблемаларды кешенді түрде шешу жолдары талқыланды. Н.Төреғалиев отырыс­ты аша келіп, еліміздегі бала­лардың құқықтарын қорғау мәсе­лелеріне ең жоғары дең­гейде ерекше көңіл бөліне­ті­ніне жиналғандардың назарын аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев өзі­нің «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қа­зақстан халқына Жолдау­ында балалардың қауіпсіз­дігі мен құқықтарын қорғау мә­се­лелеріне ерекше назар ауда­руды тапсырды. Осыған бай­ланысты балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларында нақты шаралар қабылдау маңызды деп санаймыз», деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар осы саладағы проблемаларды да мұқият талдап, оларды жан-жақты шешу қажеттігін талқылады.

«Балалар мен жасөс­пірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайлары Алматы, Жам­был, Қостанай және Маңғыстау об­лыстарында көбейіп барады. Балаларды зорлық-зом­бы­лықтан қорғаудың, суицид­тің алдын алудың және әр баланың құқықтарын қорғауды қам­тамасыз етудің кешенді жос­парының қажеттілігін талқы­лауды маңызды деп санай­мыз. Тағы бір проблема – балалардың жеке бала­бақ­шадағы жағдайы. Жеке ба­ла­бақ­шаларда қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді», деді Н.Төреғалиев.

Комитеттің кеңейтілген отырысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және БҰҰ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин баяндама жасады. Сенаторлар отырысқа қатысушылар көтерген мәселелер мен шығарылған қорытындыны тиісті заң жобаларын қарау кезінде және комитет жұмысы барысында пайдаланатын болады.

Сенат комитетінің кеңей­тілген отырысы Бала құ­қықтары туралы конвенцияның қабылданған күніне орай өткен болатын.