• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қараша, 2022

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты - М.Әшімбаев

437 рет
көрсетілді

Сенат отырысы барысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда өткен Президент сайлауының қорытындысына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында белгілеген маңызды міндеттерді іске асыру үшін Парламент ауқымды жұмыс атқаруы қажет екенін жеткізді.

«Мемлекетіміз үшін аса маңызды кезеңде халық өз таңдауын жасап, дауыс берді. Осылайша ел азаматтары Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен Әділетті Қазақстан құру бағдарына бірауыздан қолдау білдірді. Отандық және халықаралық байқаушылар сайлаудың ұлттық заңнамалар мен осы бағыттағы халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді. Бұл сайлау – Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды. Енді алдымызда Президентіміз айқындап берген маңызды міндеттерді іске асыру жолындағы ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан бәріміз бірге сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген басымдықтарды табысты жүзеге асыруымыз қажет», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.