Аязға байланысты ШҚО-ның екі қаласында мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Шығыс Қазақстандағы Алтай мен Риддерде аяз салдарынан кейбір сыныптар бойынша мектептерде сабақ тоқтатылып, мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды», делінген ведомство хабарламасында.
Алтай қаласында 29 градусқа дейінгі аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.
Сондай-ақ Риддерде 26 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан оқиды.