Футбол 24 Қараша, 2022

Әлем чемпионаты: Швейцария Камерунды жеңді

198 рет
көрсетілді

2022 жылғы әлем чемпионатының G тобындағы Швейцария - Камерун ойыны аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде Швейцария минималды есеппен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 48-минутта Брел Эмболо соқты.

Еске салайық, осы топтағы Бразилия мен Сербия арасындағы ойын 25 қарашаға қараған түні Астана уақытымен сағат 1:00-де басталады.