Қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапонияда Йоккаити челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жукаев екінші айналымда әлемнің 173-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, жапониялық Юсуке Ватанукимен шеберлік байқасты.
Бәсеке 0:6, 1:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте алтыншы геймде аздап жарақат алған Бейбіт матчты жалғастыра алмады.
Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жукаев биыл өте табысты өнер көрсетті. Жылдың басында 728-орынмен бастаған Бейбіт Жукаев қазіргі кезде АТР live рейтингісінде 311-сатыда тұр.