• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2022

Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті

397 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, қазақстандық көрермендерге қазақ тілінде тифлокомментарийлері бар «Шай» қысқаметражды фильмі ұсынылды. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында өткен Гала-концертте Өзбекстан Республикасының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

«Бізді екі мың шақырымнан астам шекара ғана емес, екі мыңжылдық тарих біріктіреді. Сіздер бізге арнайы алып келген мазмұны терең, мағынасы бай бағдарламалар көші сол игі сабақтастықты жалғастырып отыр. Алайда, қос тарап бұл рухани байланыспен тежеліп қалмауы тиіс. Алдағы уақытта мәдени алмасудан бөлек, бірлескен ортақ жобаларды жүзеге асыру қажет. Біз бұрыннан татулықты табысқа, бірлікті берекеге айналдырып келе жатқан ағайындас халықтармыз. Түбі бір түркі әлемінің қос қазығындай қазақ-өзбек қатынасы нығая беруіне шын жүректен тілектеспін», деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Өзбек тарапы ведомствоға іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқаны үшін алғыс білдірді.