• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Қараша, 2022

Болашақ үшін дауыс берді

262 рет
көрсетілді

Сайлау – демократияның маңызды белгісі, міндетті атри­буты ғана емес, сонымен бірге оның қажетті бастап­қы шарты. Бұл – халыққа биліктің нақты көзі ретінде әрекет етуге және азаматтық қоғамға билікті бас­қаруға мүмкіндік беретін негізгі саяси институт. Бұл – азамат­тарға ынтымақ танытуға мүмкіндік беретін сайлау. Өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, Қазақ­стан қоғамы оң өзгерістерге үмітін білдіріп, жаңа өзге­ріс­терді қолдады.

2022 жылдың 20 қарашасы еліміздің жаңа тарихына маңызды, тарихи күн ретінде енетіні сөзсіз. Халық өз бола­шағы үшін дауыс берді. Қаза­қ­­стандық сайлаушылар белсенді әрі талапшыл бола бас­тады. Олар өздерінің сайлау құқықтарын іс жүзінде белсенді түрде жүзеге асыруға дайын.

Сайлаудың ерекшелігі – аза­маттардың өз проблемалары туралы мәлімдеп қана қоймай, мем­лекетпен толыққанды нә­ти­желі диалог­ке түсуге деген сенімі мен дайындығы. Жаңа­дан сайланған мемлекет басшысы саяси реформалар­ды жалғастыру керектігін, әйтпесе тоқырау болатынын айтты. Жыл соңында Пре­зидент парла­менттік сайлау мерзімдері туралы арнайы мәлімдеме жа­сайды. Осы­лайша, елдегі демо­кратиялық рефор­малар­дың ке­зекті жалғасы ал­дағы пар­ла­мент­­тік сайлауға тікелей бай- л­а­нысты.

Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан азаматтары Пре­зидент пен Парламенттен басқа түрлі деңгейдегі әкімдерді, мәс­лихаттарды сайлауға тиіс. Әлеу­меттік сауалдамаларға деген сұраныс кандидаттар та­­ра­­пынан да, қоғам тарапынан да одан әрі арта түспек. Сай­­лаушылардың көңіл күйін зерт­теу, сайлаушылардың мінез-құл­қын болжаудағы дәл­дік, сайлау күніндегі сауалдамаларды дамыта түскен дұрыс. Бүгінде әлеуметтанушылардың алдында бірнеше өзекті міндет тұр. Сайлаушылардың таңдауы мен мінез-құлқының жаңа түсіндірме модельдерін, зерттеу әдістерінің өзін, соның ішін­­де респонденттердің шы­найы­­лығын анықтау әдіс­терін әзірлеу, сондай-ақ әлеу­мет­танулық зерттеулерге сенімді арттыру қажет.

 

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ҰҒА академигі