• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Қараша, 2022

Қоғамдық келісім көрінісі

188 рет
көрсетілді

Биылғы ел өміріндегі ма­ңызды саяси науқан заңға сәйкес сәтті өтті деп айтуға негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзсіз жеңісі Қазақ­стан қоға­мының ал­да­ғы уақытта бір арнада бі­рігуі тұрғысында зор мәнге ие.

Осы жылы маусым айында өткен референдумда ел азамат­тарының 77 пайыздан астамы Пре­зиденттің конституциялық ре­формаларын қолдаған еді. Ал енді қарашадағы сайлауда дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы оны жақтауы – Мемлекет басшысының бастамалары халық тарапынан ерекше қолдауға ие болғанының шынайы көрінісі. Осылайша, сайлаушылар жоғары биліктің жүзеге асырып жатқан және жоспарлап отырған реформаларына сенетінін көрсетті.

Бүгінде елімізде қоғам мен билік Қазақстанның таяу бола­шақта қалай дамитыны жөнінен бір жақты жаңа, бірыңғай, әділ қоғамдық келісімге келді деп батыл сеніммен айтуға болады. Енді алда демократия дамуының тағы бір маңызды кезеңі – пар­ламенттік және мәслихат сайлауы тұр. Бұл міндетті де абыроймен атқаратынымызға сенемін.

Қазір әлемдегі дағдарысқа байланысты оңымыз бен солымызды жи­нақтап, сөзден іске кірісіп, бір арнаға жұмылатын уақыт келді. Президентіміз жыл бойы, яғни 16 наурыздағы Үндеуінде, 1 қыр­күйектегі Жолдауында да ел дамуы­ның негізгі бағыттарын айқындайтын міндеттерді көрсетіп берді. Енді соларды орындауға мүмкіндік беретін уақыт келді деп ойлаймын. Сондықтан Қазақстан халқы бірауыздан бірігіп, еліміздің жарқын болашағы үшін сол міндеттерді іске асыруға бір адамдай жұмылуымыз керек.

 

Назгүл МАҚЖАН,

Астана қаласы бойынша Әйелдер күштері альянсының төрағасы