Атырау қаласында 49 жастағы күдікті есірткі заттарын сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 8 кг 867 грамм тәркіленген 206 дана полиэтилен қапшықтағы заттардың кептірілген марихуана екендігі расталды», деп жазылған ІІМ хабарламасында.Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.