• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қараша, 2022

Балаларды 2 жастан бастап балабақшамен қамту міндеті бекітілді

515 рет
көрсетілді

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында білім саласын дамыту мен балалардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Енді осы бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асырамыз. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етіледі. Егер бұған дейін басты назар 3-6 жасқа дейінгі балаларды қамту болса, енді 2 жастан бастап балабақшамен қамту міндеті бекітілді. Бұл бағытта мектепке дейінгі ұйымдарды ашу, оның ішінде әсіресе жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылады», деп жазды А.Аймағамбетов.   Оның айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде 2029 жылдың соңына дейін 2-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтылады.   «Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды ашуға арналған нақты жоспар әзірленді. Қызметтердің сапасын арттыру үшін мемлекеттік тапсырысты орналастырудың нормативтік талаптары күшейтілді. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі «Ақша баланың соңынан ереді» қағидасына өзгертілді. Яғни қаражат ата-ана таңдаған балабақшаларға жіберіледі», деп жазды министр.   Сондай-ақ жазбада мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі енгізіліп, жаңа мемстандарт пен үлгілік бағдарламалар қабылданғаны жазылған.